01info.kz- ақпараттық портал

«Ордабасы» қатарынан алтыншы рет жеңіс туын желбіретті

фото: Sports.kz
0 1

Қазақстан Премьер-Лигасының 15-ші туры аясында Жезқазған қаласының «Металлург» стадионында жергілікті «Ұлытау» және Шымкенттің «Ордабасы» командалары арасында тартысты матч өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қызылордалық Данияр Сахи бастаған төрешілер бригадасы қазылық еткен бұл кездесуге екі ұжым да барынша жауынгерлік құрамда шықты. Алаң иелері сапында Непогодов, Кейлер, Бухал, Бугулов, Афанасенко, Нұрсұлтанов, Вачиберадзе, Киши, Харада, Черняк және Смит алғашқы минуттан ойынды бастаса, шымкенттіктер жағынан Шайзада, Антич, Килама, Аманович, Вакулко, Капацина, Абагна, Э. Астанов, Йонсен, Натель Виера және Эвертон жасыл алаңға шықты.

Ойын барысында қонақтар саналған «Ордабасы» ұжымы аз-кем басымдыққа ие болғанымен, «Ұлытау» футболшылары да қауіпті шабуылдармен белсенді жауап қайтарып отырды. Тек бірінші таймның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда, дәлірек айтқанда 41-минутта Берн Йонсен баспен дәл соққы бағыттап, есеп ашты. Матчтың екінші бөлігінде қос команданың да қақпасының алдында есепті өзгертетін бірнеше қауіпті сәттер туындағанымен, ойын соңына дейін таблодағы 0:1 есебі сақталып қалды.

Бұл жеңіс Шымкент клубы үшін турнирдегі қатарынан алтыншы сәтті матч болды. Осылайша 37 ұпай жинаған «Ордабасы» алматылық «Қайрат» командасынан бір ұпай озып, турнирлік кестедегі көшбасшылық орнын қайтадан иеленді. Ал жеңіліске ұшыраса да тартысты ойын көрсеткен Жезқазғанның «Ұлытау» командасы өзінің қоржынындағы 23 ұпайымен Премьер-Лига кестесінің жоғарғы бөлігіндегі позициясын сақтап қалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.