2026 жылғы 1 сәуірде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша арнайы кеңес өткізді. Жиынға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары мен ҚазҒЗИАҒШ ғалымдары қатысып, аймақтағы фитоорманмелиорациялық екпелердің жай-күйі мен зерттеу нәтижелерін талқылады. Кеңес қорытындысы бойынша министр ҚазҒЗИАҒШ-ның Алматы филиалына отырғызу материалдарын өсіру мен жасыл желектердің сақталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар Арал табанын оңалту бағытында жаңа технологиялар мен озық әдістерді ғылыми тәжірибеде қолдану жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады.
фото: https://t.me/EcologyofQazaqstan