01info.kz- ақпараттық портал

Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

фото: ашық дереккөз
0 64

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «Ұлттық кітап» республикалық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр. Байқаудың мақсаты – оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік кітап авторын анықтап, қазақ әдебиеті мен руханият дамуына ықпал ету, аудармашыларды және баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау, ынталандыру.

Байқауға соңғы 2 жылда отандық баспалардан жарық көрген туындылар қабылданады. Байқау 10 номинация бойынша өтеді:

1. Балаларға арналған үздік кітап;

2. Үздік комикс;

3. Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;

4. Детектив жанрындағы үздік кітап;

5. Сатира жанрындағы үздік кітап;

6. Үздік иллюстрациялық кітап;

7. Үздік аударма кітабы;

8. Фантастика жанрындағы үздік кітап;

9. Үздік баспа;

10. «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.

Өтінімдер 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында (Алматы қ., Пушкин көшесі 2/76, 8 қабат, 817 кабинет) қабылданады.

Байқау ережелерімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар: gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/982958?lang=kk

Leave A Reply

Your email address will not be published.