01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстанның жаңа буыны: Референдумда туған 585 сәби

istockphoto.com
0 54

2026 жылғы 15 наурызда, еліміз үшін маңызды саяси оқиға — республикалық референдум өткен күні Қазақстанның медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәуліктің ішінде барлығы 583 босану жағдайы қабылданған.

Жаңа туған сәбилердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бала бар, сондай-ақ Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз дүние есігін ашты. Балалардың ел тағдырын айқындайтын осындай маңызды күні өмірге келуі — өмірдің сабақтастығы мен Қазақстан болашағының жарқын нышаны іспеттес.

Әрбір жаңа азамат мемлекеттің әрі қарай дамуына, әл-ауқаты мен өркендеуіне деген үлкен үміт пен сенім ұялатады. Осы жауапты сәтте еліміздің барлық өңірлеріндегі медицина қызметкерлері аналар мен нәрестелерге уақытылы әрі сапалы көмек көрсетіп, өз істеріне деген жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің шынайы үлгісін көрсетті.

дереккөз: ortcom.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.