01info.kz- ақпараттық портал

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды ұзақ сапарға шықпауға шақырады

фото: 65.mchs.gov.ru
0 38

Жамбыл облысында қатты қар жауып, көріну деңгейі төмендеуіне байланысты Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожолының жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілді.

Қордай асуының ескі және жаңа асу бөліктерінде жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. Сондай-ақ Айша бибі елді мекенінен Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрі үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар Ақмола облысында да қатты боран мен көріну деңгейінің нашарлауына байланысты жолдардың бірқатар бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Қатты бұрқасын жолдағы жағдайды күрделендіріп, жол-көлік оқиғаларының қаупін арттыруда.

Полиция қызметкерлері қала сыртындағы тасжолдарда тәулік бойы кезекшілік атқарып, жол қозғалысын реттеп жатыр. Олар жүргізушілерге енгізілген шектеулер туралы ақпарат беріп, көлік жүргізушілеріне жол бастап жүріп, қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Полицейлер жүргізушілерге қолайсыз ауа райы кезінде жолға шықпауға шақырады. Сондай-ақ сапар бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

https://t.me/POLICE_of_KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.