01info.kz- ақпараттық портал

Қос қанатты жедел жәрдем: Сәби өмірі үшін күрес

фото: ашық дереккөз
0 38

Өскемен–Күршім–Өскемен бағыты бойынша орын алған бұл оқиға адам өмірін құтқарудағы уақыт пен кәсібиліктің маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді. Шалғайдағы Күршім ауданында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған жаңа туған нәрестенің жағдайына байланысты ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» мекемесінің мамандары дереу әрекетке көшті.

Тәжірибелі ұшқыштар Сергей Пинигин, Леонид Каликанов және Мурат Альбергенов санитариялық авиация дәрігерлері Жұлдыз Абулова мен Назым Бейсенбаевамен бірлесіп, күрделі әуе сапарын сәтті жүзеге асырды. Нәрестенің өмірі қыл үстінде тұрған сын сағатта әуе кемесінің экипажы мен медицина мамандарының үйлесімді жұмысы шешуші рөл атқарды. Ұшқыштардың шеберлігі мен дәрігерлердің қырағылығының арқасында сәби Күршімнен облыс орталығы Өскемен қаласындағы мамандандырылған медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.

Санитариялық авиация шалғай елді мекендердегі тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, әрбір минут маңызды болатын жағдайларда адам өмірін арашалап қалуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Төтенше жағдай министрлігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.