01info.kz- ақпараттық портал

Түркі мемлекеттері Түркістанда экономикалық ынтымақтастық жолын бекітті

фото: https://t.me/presseconomy
0 13

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттерінің ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің экономика және сауда министрлерінің 14-ші кездесуі өтті. Отырыста сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, кооперацияны тереңдету бойынша нақты қадамдар талқыланды.

Қазақстаннан Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан министрліктерінің орынбасарлары және ТМҰ Бас хатшысы, Түркі инвестициялық қорының президенті қатысты.

2025 жылы ТМҰ елдері арасындағы сауда көлемі 11,9 млрд АҚШ долларына жеткен, оның ішінде Қазақстанның ең ірі сауда серіктестері – Түркия (4,9 млрд), Өзбекстан (4,3 млрд), Қырғызстан (2 млрд) және Әзірбайжан (425 млн) болды. Инвестициялар да артқан: соңғы 20 жылда Қазақстанға ТМҰ елдерінен 6,3 млрд доллар инвестиция келген, ал Қазақстан ТМҰ елдеріне 5 млрд доллар инвестиция салған.

Кездесу қорытындысы бойынша экономика, сауда, инвестициялар және қаржы салаларындағы ынтымақтастықтың Жол картасы бекітілді. Сонымен қатар сауда әріптестігі туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл шешімдер ТМҰ елдерінің экономикалық интеграцияны нығайтуға және тұрақты өсуге бағытталған ынтымақтастығын күшейтеді.

Дереккөз: https://t.me/presseconomy

Leave A Reply

Your email address will not be published.