01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстанды «көгілдір отынмен» қамту қаншалықты деңгейде жүріп жатыр?

фото: gov.kz
0 13

Газдандыру – Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын дамытудағы басты басымдықтардың бірі. Қазіргі таңда елімізде 13 млн адам табиғи газға қол жеткізген. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейі 64,3%-ға жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімінен (62,4%) айтарлықтай өсім көрсетеді.

2025 жылы 94 ауылға табиғи газ жеткізіліп, 354 мың тұрғын газбен қамтамасыз етілді. Биыл, 2026 жылы, тағы 40 газдандыру жобасы іске асырылмақ. Нәтижесінде 10 ауылда 32 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізеді. Бұл жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау және Жетісу облыстарын қамтиды.

Қазақстанның бас қаласы – Астананың газдандыру жұмыстары да ерекше назарда. Қазіргі таңда 300 мың тұрғынның 290 мыңы газбен қамтылған. Биыл «Шұбар», «Үркер», «Өндіріс», «Пригородный» және «Garden Village» тұрғын массивтері газдандырылып, қаланың газдандыру жұмыстары толық аяқталады. Сонымен қатар, 2026-2027 жылдары Кызылсуат, Қаражар және Тайтөбе елді мекендеріне газ жеткізіліп, тағы 26 мың адам қамтылады.

Қосымша тауарлық газ көлемін қамтамасыз ету мақсатында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңі салынып жатыр. Жыл соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізе алатын құбырдың желілік бөлігін аяқтау көзделген. Ал екінші кезеңде компрессорлық станциялар салу жоспарланып отыр, бұл газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы газдандыру жобаларының іске асуы, еліміздің өңірлерін «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету бағытында маңызды қадам болып табылады және бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.

Дереккөз: https://t.me/ortcom_kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.