01info.kz- ақпараттық портал

Астаналық полицейлер мұз үстінде қысылып қалған балықшыны құтқарды

фото: ашық дереккөз
0 57

Астана қаласындағы «102» арнасына шұғыл көмек қажеттігі туралы хабарлама түсіп, оқиға орнына патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Кенжебек Әлібаев пен Олжас Бортай дереу жетті. Анықталғандай, 59 жастағы ер адам өзен үстінде балық аулау кезінде екі қолын екі бөлек ойыққа тығып алып, өздігінен шыға алмай қалған. Тәртіп сақшылары жағдайды жылдам бағалап, зардап шегушінің қолдарын ойықтардан аман-есен босатып, оны қауіпсіз жерге шығарды. Медициналық жедел жәрдем келгенге дейін полицейлер балықшыға алғашқы көмек көрсетіп, қан айналымын қалпына келтіру үшін жылыту массажын жасап, жағдайын бақылауда ұстады. Осы оқиғаға байланысты полиция департаменті азаматтарды қыс мезгілінде су айдындарында барынша сақ болуға, мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және кез келген қауіпті жағдайда дереу жедел қызметтерге хабарласуға шақырады.

Дереккөз: https://t.me/POLICE_of_KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.