01info.kz- ақпараттық портал

Астанадан Стамбулға: Ұлттық ойындар халықаралық мінберде

фото: Оқу-ағарту министрлігі
0 49

Астана қаласындағы №104 Келешек мектебінде Қазақстан мен Түркияның Білім министрліктерінің ұйымдастыруымен «Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтуде.

9–13 жас аралығындағы оқушыларды қамтитын бұл шара түркі мемлекеттерінің мәдени ынтымақтастығын нығайтуды, дәстүрлі ойындарды жүйелеп, оларды заманауи білім беру үдерісіне енгізуді көздейді.

Фестиваль аясында еліміздің 20 өңірінен келген педагогтерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылып, онда асық ату, таяқ тарту, ләңгі тебу, орамал тастамақ, сақина салу, ханталапай, тымақ ұру және бес асық секілді ұлттық құндылықтардың педагогикалық маңызы талқылануда.

Шара қорытындысы бойынша Түркия делегациясы қазақтың төрт ойынын іріктеп алып, оларды 2026 жылдың сәуірінде Стамбул қаласында өтетін халықаралық фестивальде таныстырады.

Дереккөз: Оқу-ағарту министрлігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.