01info.kz- ақпараттық портал

Еңбек министрлігі зейнетақы төлемдері бойынша есеп берді

0 50

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлеуге 395,2 млн теңге бөлінді, оның 263,9 млн теңгесі ынтымақты, ал 131,3 млн теңгесі базалық зейнетақы үлесіне тиесілі.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 538 мың адамға жетіп, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңгені құрады. Қазіргі қолданыстағы жүйеге сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы әр алушының еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне қарай жеке тағайындалады.

Егер азаматтың өтілі 10 жылдан аз болса, төлем ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын құрайды, ал 10 жылдан асқан әр жыл үшін бұл көрсеткіш 2%-ға артып отырады. Мәселен, 20 жылдық өтілі барлар үшін базалық төлем күнкөріс деңгейінің 90%-ына тең болса, 34 жылдан жоғары өтілі бар азаматтар ең жоғарғы 118% мөлшеріндегі төлемді иеленеді.

Айта кетерлігі, ынтымақты зейнетақы мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жұмыс өтілі мен зейнетке шыққанға дейінгі орташа табысына тікелей байланысты. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналарының БЖЗҚ-ға тұрақты әрі толық көлемде аударылуы болашақтағы төлем мөлшерінің жоғары болуының негізгі кепілі болып табылады.

Дереккөз: ortcom.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.