Астана қаласының авиациялық көлік прокуратурасының бастамасымен әуе жолаушыларының дербес деректерін түзету тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді. Азаматтардың өтініштерін талдау барысында билет рәсімдеу кезінде аты-жөнінде кеткен елеусіз қателер үшін негізсіз айыппұлдар салынып келгені анықталды.
Мысалы, 2025 жылы Vietjet Qazaqstan (бұрынғы Qazaq Air АҚ) компаниясы 3 815 жолаушының дерегін түзеткен, олардың басым бөлігі екі әріпке дейінгі қателер болып шықты.
Осы мәселені реттеу мақсатында прокуратура мен әуе компаниясы басшылығының кездесуі өтіп, соның қорытындысы бойынша 2026 жылдың басынан бастап аты-жөніндегі екі әріпке дейінгі қателерді тегін түзетудің жаңа тәртібі енгізілді. Бұл шара жолаушылардың құқықтарын қорғауға және көрсетілетін қызмет сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған.
Дереккөз: Прокуратураның бастамасымен әуе жолаушыларының дербес деректерін түзету тәртібі жеңілдетілді