Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровтың жеңісіне байланысты жеделхат жолдап, спортшыны зор жетістігімен құттықтады:
«Құрметті Михаил! Сені XXV қысқы Олимпия ойындарындағы жарқын жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймын. Мұз айдынында көрсеткен ерен шеберлігің мен темірдей төзімің бүкіл әлемді тамсандырды. Сенің бұл алтының — қазақстандық мәнерлеп сырғанау мектебінің жаңа биікке көтерілгенінің символы және жас өрендер үшін зор мақтаныш. Еліміздің көк байрағын биікте желбіреткенің үшін алғыс айтамын!» — делінген Президент құттықтауында.