01info.kz- ақпараттық портал

Супергигант: Скороходова әлемдік додада үздіктермен бақ сынасты

фото: ҰОК
0 16

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан әйелдер арасындағы супергигант бәсекесі мәресіне жетіп, Қазақстан намысын алғаш рет Александра Скороходова қорғады. Отандасымыз айтулы доданы 1:31.22 уақыт көрсеткішімен аяқтап, жалпы есепте 25-орынға табан тіреді. Бұл сында алтын медальді италиялық Федерика Бриньоне (1:23.41) иеленсе, күміс жүлде франциялық Роман Мирадолиға (1:23.82), ал қола австриялық Корнелия Хюттерге (1:23.93) бұйырды. Өз мансабындағы алғашқы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан Александра Скороходова алдағы уақытта слалом және слалом-гигант бағдарламалары бойынша да бақ сынайтын болады.

дереккөз: ҰОК

Leave A Reply

Your email address will not be published.