Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова 5000 метр қашықтықта бақ сынап, 7:04.81 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын оныншы болып қиды.
Бұл додада италиялық Франческа Лолобриджида 6:46.17 уақытымен жеңіске жетіп, осы Олимпиададағы екінші алтын медалін иеленсе, күміс жүлде нидерландық Мерел Конейнге (6:46.27), ал қола норвегиялық Рагне Виклундқа (6:46.34) бұйырды.
Өз кезегінде Надежда Морозова биылғы ойындарда жоғары тұрақтылық танытып, бұған дейін 3000 метрде алтыншы, 1000 метрде он төртінші орын алған болатын. Енді отандасымыз алдағы уақытта 1500 метр қашықтықта сынға түсіп, өз көрсеткіштерін тағы да жақсартуға тырысады.
дереккөз: ҰОК