01info.kz- ақпараттық портал

Алматы облысында жаңа Конституция жобасы талқыланды

фото: almobl/press/news
0 19

Алматы облысы әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың қатысуымен жаңа Конституция жобасы қаралды. Кеңес отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың жетекшілері қатысты.

Марат Әзілханов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия жұмысына тоқталып, жаңа заң жобасының ел дамуына маңызын атап өтті. Ол, әсіресе, «Халық кеңесі» сияқты құрылым қоғамдағы өзекті мәселелерді кең ауқымда талқылауға және түрлі этностар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеруге мүмкіндік беретінін айтты.

Кеңес отырысында этномәдени бірлестіктер жаңа Конституция жобасын бірлесе талқылап, ұсыныстарын білдірді. Қатысушылар Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы мен қоғамдық келісімді нығайтудағы азаматтардың ортақ жауапкершілігіне тоқталды. Жетекшілер жаңа заң жобасын қолдайтындықтарын білдірді.

Дереккөз: Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.