01info.kz- ақпараттық портал

Астанада қар күреу жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр

фото: Астана қ. әкімдігі баспасөз қзыметі
0 43

Елордада толассыз жауған қарға байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуге көшті. Қазіргі уақытта қала көшелерін тазалауға 1 300-ге жуық арнайы техника мен жүздеген жұмысшы жұмылдырылды. Мамандар ең алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік жүретін жолдарды, кейін аулалар мен аялдамаларды тазартуда.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері де Астанада қар жауып, боран соғуы мүмкін. Осыған байланысты қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды жолдарда сақ болуға, алыс сапарға шықпауға шақырады. Төтенше жағдай туындағанда «112» құтқару қызметіне хабарласу қажет.

Дереккөз: Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметі 

Leave A Reply

Your email address will not be published.