01info.kz- ақпараттық портал

Астанада «Keryen Joly» сауда орталығында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

фото: astana/press/news
0 40

Елордадағы Алаш тасжолы, 35Б мекенжайында 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында (сағат 10:00-19:00) қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Шараның басты мақсаты — отандық фермерлерді қолдау және тұрғындарды делдалсыз, қолжетімді бағадағы балғын өнімдермен қамтамасыз ету.

Жәрмеңкеге келушілерге ет және сүт өнімдері, көкөністер, жеміс-жидектер, ұн және нан-тоқаш өнімдері мен табиғи сусындардың кең таңдауы ұсынылған. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың айтуынша, мұндай тікелей сауда алаңдары фермерлер үшін қысқы шығындарды азайтуға, ал қалалықтар үшін экологиялық таза өнімді арзан бағада алуға мүмкіндік береді. Әсіресе, ұлттық тағамдар мен сүт өнімдеріне (қазы, қымыз, шұбат, құрт) сұраныс жоғары.

Тұрғындардың қолайлылығы үшін жәрмеңке орнына № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.

Дереккөз: Астана әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.