01info.kz- ақпараттық портал

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Ғасырлар пернесі» концерті өтті

фото: МАМ баспасөз қызметі
0 28

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі көрнекті композитор, дирижер және ғалым Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Ғасырлар пернесі» атты концерт ұйымдастырды.

Кеш барысында қазақ ұлттық кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі Ахмет Жұбановтың бай шығармашылық мұрасынан таңдаулы туындылар орындалды. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова, Абай атындағы опера және балет театрының солисі Айдос Жабағин, опера әншісі Нематулло Зкруллаев, күйші Азамат Шынаров, қобызшы Әсел Рақымжан, сондай-ақ А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының балалар хоры қатысты.

Оркестрге «Құрмет» орденінің иегері Абылай Тілепберген, Нұркен Әшіров және Ерлан Дәуренбеков дирижерлік етті.

Сонымен қатар концерт аясында ҚР Ұлттық орталық музейіне қарасты Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың мемориалдық музейінде «Ұлт рухын асқақтатқан тұлға» атты көрме ұйымдастырылды. Экспозицияда композитордың өмірі мен қызметіне қатысты архив құжаттары, сирек фотосуреттер, қолжазбалар, ноталық еңбектер, кітаптар және жеке заттары көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шара Ахмет Жұбановтың қазақ музыка өнеріндегі өлшеусіз еңбегін дәріптеп, ұлттық рухани мұраны насихаттауға арналды.

Дереккөз: ҚР МАМ баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.