ҚШ Мемлекеттік департаменті Дональд Трамп әкімшілігінің визалық саясатты айтарлықтай қатаңдатқаны туралы мәлімет жариялады. Newsweek басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ порталының хабарлауынша, Трамп президенттігінің алғашқы жылында 100 000-нан астам визаның күші жойылған.
Бұл көрсеткіш рекордтық нәтиже болып тіркелді. Мемлекеттік департамент баспасөз хатшысының орынбасары Томми Пиготт бұл шаралардың қауіпсіздік мақсатында жасалғанын атап өтті. Атап айтқанда, визасынан айырылғандардың арасында ұрлық, шабуыл жасау және мас күйінде көлік жүргізу сияқты қылмыстары үшін айыпталған немесе сотталған мыңдаған шетел азаматтары бар.
Мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылы күшін жойған визалар саны 2024 жылғы Джо Байден әкімшілігінің көрсеткішінен екі есеге артып, тарихи максимумға жеткен.