01info.kz- ақпараттық портал

Ел қорғаған ерлерге — мемлекеттік қолдау

фото: Қорғаныс министрлігі сайты
0 39

2025 жыл Қазақстанның әскери қызметшілері үшін әлеуметтік жаңғыру жылы ретінде тарихқа енді. Мемлекет тарапынан жасалған кешенді шаралар армияның беделін арттырып қана қоймай, сарбаздар мен офицерлердің өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды 01info.kz Қорғаныс министрлігінің ресми  сайтына сілтеме жасап.

 Жыл басынан бері офицерлердің еңбекақысы 20,3%-ға, ал сержанттар мен қатардағы жауынгерлердікі 33,9%-ға артты. Сонымен қатар, әскери жаттығулар мен далалық шығулардың әр тәулігі үшін 1,2 АЕК көлемінде арнайы төлем енгізілді. Бұл үрдіс 2026 жылы да жалғасып, жалақыны кезең-кезеңімен тағы өсіру жоспарланған.

 Әскери қызметшілер үшін «Отбасы банк» арқылы «Әскери баспана» және «Наурыз әскери» сияқты тиімді ипотекалық бағдарламалар іске қосылды. Енді сарбаздар мен офицерлер жеңілдетілген пайызбен жаңа құрылыстардан немесе қайталама нарықтан баспана алуға мүмкіндік алды.

Sarbaz 2.0 цифрлық жобасы арқылы мерзімді қызметтегі 9 мыңнан астам үздік сарбаз ЖОО гранттарына ие болды. Сонымен қатар, әскери борышын өтеушілерге 8 млрд теңгеге жуық несиелік демалыс беріліп, олардың қаржылық жүктемесі азайтылды. Сарбаздар қызмет барысында еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын тегін меңгеріп шығуда.

Реформалар тек әскерилерді емес, олардың отбасыларын да қамтыды. Балалардың сауықтыру орталықтарында демалуы, сондай-ақ зейнетке шығатын офицерлерді азаматтық өмірге қайта даярлау бағдарламалары — бұл заманауи қазақстандық армияның жаңа әлеуметтік келбеті.

Түйіндеп айтқанда, бұл өзгерістер ел қорғанысының беріктігін нығайтып, әскери мамандықтың мәртебесін жаңа деңгейге көтерді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.