Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде екінші деңгейдегі банктердегі несиелер есептен шығарылады екен деген ақпарат тарап жатыр. Құзырлы органдар бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді, деп хабарлайды 01info.kz .Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің телеграмм арнасында хабарланды.
«Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген.
Қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста»- дегінген хабарламада.
Тетіктің жұмысы туралы толығырақ ақпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында қолжетімді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1076741?lang=kk