01info.kz- ақпараттық портал

Астана ақ құрсауда: Коммуналдық қызметтердің боранмен «шайқасы»

фото: Астана әкімдігі сайты
0 29

Астанада қыс басталғалы бері коммуналдық қызметтер тәулік бойғы күшейтілген жұмыс режимінде қызмет етіп, боран мен қолайсыз ауа райына қарамастан қар күреу жұмыстарын тоқтаусыз жүргізуде, деп хабарлайды 01info.kz  Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өткен түннің өзінде қаладан 3 мыңнан астам ауыр жүк көлігімен 42 мың текше метр қар шығарылса, таңертеңгі ауысымда тазалық жұмыстарына 3 мыңнан астам жұмысшы мен 1 500-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Жалпы қысқы маусым басталғаннан бері полигондарға 155 мыңнан астам рейс жасалып, екі миллион текше метрден астам қар тазаланды.

Қар тазалау кезінде ең алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік бағыттарына басымдық беріліп, кейіннен аулалар мен аялдамалар тәртіпке келтірілуде. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдар мен тротуарларға үздіксіз техникалық тұз себілуде, сондай-ақ аула ішін тазалау ПИК пен МИБ-тің тікелей міндеті екені ескертілді. Әкімдік қала тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға және ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс сапарлардан бас тартуға шақырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.