01info.kz- ақпараттық портал

«Абайлаңыз, улы шай!»: Қазақстанда танымал шай маркаларына тыйым салынды

фото: СЭБК сайты
0 7

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2026 жылғы 5 қаңтардағы жаңа қаулысымен елімізге бірқатар қара шай түрлерін әкелуге және сатуға ресми түрде тыйым салды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүргізген сараптама нәтижесінде өнімдерден келесі заң бұзушылықтар анықталды:

  1. Рұқсат етілмеген бояғыштар: Шай құрамында адам денсаулығына зиянды және шай өндірісінде қолдануға болмайтын тағамдық бояғыштар (E110, E102, E124) табылған.

  2. Жалған мекенжайлар: Қаптамаларда көрсетілген өндіріс орындарының мекенжайлары расталмады. Бұл өнімдердің тиісті рұқсатсыз, заңсыз жағдайда қапталғанын көрсетеді.

  3. Техникалық регламент бұзушылықтары: Өнімдер Кеден одағының тамақ қауіпсіздігі мен қаптамалау талаптарына сай келмейді.

Тыйым салынған шай атауларының тізімі:

  • «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Gold, «БАЛҚИЯ Premium gold» (Өндіруші: «Orda Trade Astana» ЖШҚ);

  • «Sultan Suleyman», «Pakistan tea» (Өндіруші: «Real Trade Astana» ЖШҚ);

  • «БАЛҚИЯ Premium gold» (Өндіруші: «Аль-Хадия» ЖҚ);

  • «Aje Onim» (Өндіруші: «Орда Чай» ЖҚ);

  • «Al-Hayat» Gold (Өндіруші: «Empire KENIY E.P.Z. Limited»);

  • «Al-Jannat Premium» (Өндіруші: «Ferdaus» ЖҚ);

  • «Alfarah» (Өндірушісі қаптамада мүлдем көрсетілмеген).

Мамандар тұтынушыларды абай болуға және күмәнді өнімдерді сатып алмауға шақырады. Толық ақпаратпен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтынан танысуға болады.


Дереккөз: ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Leave A Reply

Your email address will not be published.