Қазақстанның Ішкі істер министрлігі цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды 01info.kz.
Байланыс операторларымен бірлесіп 19 миллионнан астам жалған қоңырау және жалпы саны 85 миллионнан астам алаяқтық хабарлама бұғатталған.
Қылмыскерлер пайдаланған 100 мыңнан астам SIM-карта мен 88 SIM-box құрылғысы алыныпты. Сондай-ақ, ел аумағында 6, ал шет елдерде 7 заңсыз call-орталықтың қызметі тоқтатылған. Қылмыстық топтарды құру бойынша 6 іс қозғалса, оның бірі — трансұлттық деңгейдегі қылмыс.
ІІМ ескертеді: Киберқылмыспен күрес заңнамалық, техникалық және профилактикалық бағыттарда жүргізілуде. Полиция қызметкерлері азаматтарды алаяқтардан сақтану үшін мына ережелерді орындауға шақырады:
-
Күмәнді сілтемелерге өтпеу;
-
Жеке деректерді бөгде адамдарға жарияламау;
-
Банк картасының мәліметтерін ешкімге бермеу.