01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстанның әуе жолындағы үлкен өзгерістер: 2026 жылы бізді не күтеді?

фото: Ашық дереккөз
0 86

Қазақстанның аспан әлемінде үлкен жаңалықтар күтілуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміз аймақтық ірі авиациялық хабқа айналуды көздеп отыр, деп хабарлайды 01info.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Инфрақұрылымды жаңарту — басты басымдық. Елордамыз Астана мен шуақты Шымкентте ұшақтардың кедергісіз қонуы үшін екінші ұшу-қону жолақтары салына бастайды. Алматылықтар мен қала қонақтары үшін ішкі рейстер терминалы заманауи үлгіде жаңғыртылады.

Атырауда жаңа жолаушылар терминалы бой көтереді.Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар ашылып, туристер үшін жол жақындай түседі.Ұзақ уақыт қолданылмаған Арқалық әуежайы қайта қалпына келтірілмек.

2026 жылы қазақстандықтар үшін әлем бұрынғыдан да жақын бола түседі. Халықаралық жаңа бағыттардың тізімінде: Вена, Рим, Варшава, Токио, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар, Абу-Даби, Әр-Рияд, Даммам, Амман,Ларнака бар.

Сонымен қатар, еліміздің әуе паркі тағы 9 жаңа ұшақпен толығып, жалпы саны 118-ге жетеді. Бұл рейстердің жиілеп, билеттердің қолжетімді болуына септігін тигізбек.

Енді кезекте тұру мен қағазбастылық азаяды. Паспорттық бақылау мен жүк тасымалдау жүйелері толық автоматтандырылып, цифрлық форматқа көшеді.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның айтуынша, бұл жұмыстардың бәрі жүйелі сипатқа ие. Тіпті, 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы әзірленіп жатыр. Демек, Қазақстан тек өз азаматтарына ғана емес, әлемдік транзит үшін де ең қолайлы мемлекетке айналмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.