01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН берудің жаңа тәртібін жариялады

Фото: Ашық дереккөз
0 32

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беруге қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 01info.kz.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның шет елдердегі мекемелері ЖСН беруді ресми түрде тоқтатты.

Басты жаңалық — eResidency бағдарламасы Енді шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алу үшін жаңадан енгізілген eResidency жүйесін пайдалана алады.

Бағдарлама арқылы қолжетімді қызметтер:

  • ЖСН бар цифрлық ID-карта алу;

  • Қазақстандық банктерден онлайн шот ашу және карта рәсімдеу;

  • Электрондық қолтаңба (ЭЦҚ) және сақтандыру қызметтері;

  • Қазақстандық нөмірі бар eSIM-ге, қор нарықтары мен криптобиржаларға қол жеткізу;

  • Салықтық резиденттік пен төлем эквайрингін алу.

Елшілік шетел азаматтарына барлық сұрақтар бойынша eresidency.gov.kz ресми порталына жүгінуді ұсынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.