01info.kz- ақпараттық портал

Астанадағы жаңа жылдық отшашу

Астана әкімдігі сайты
0 2

Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай қауіпсіздік талаптары толықтай сақталына отырып, демеушілердің қаражаты есебінен мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отшашу 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де екі орыннан – Атырау көпірі маңындағы жағалаудан және Ботаникалық бақ аумағынан атылды.

Фейерверктің ұзақтығы шамамен бес минутты құрады. Оның биіктігі 200 метрге дейін жетіп, әр алаңда 1500-2000 оқ атылды.

Сонымен қатар қаладағы үш алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер ұйымдастырылды.

Іс-шараларға Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, сондай-ақ «Melomen», «Бәйтерек» топтары және өзге де өнер жұлдыздары қатысты.

Мерекелік іс-шаралардың бәрі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.