01info.kz- ақпараттық портал

*«Инклюзивті Ассамблея» жобасы Ақтөбе облысында

0 19

*

Аталмыш жоба аясында Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, «Жомарт жан» орталығының мүшесі Сергей Викторович Вишняк Алға ауданындағы Ақтөбе облыстық оңалту (арнаулы) орталығына барды.

Сапар барысында Сергей Викторович балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстап, оларға зор денсаулық, қуаныш пен жаңа жетістіктер тіледі. Мекемеге көрсетілген ерекше қолдаудың бірі ретінде терапия кабинетіне теледидар сыйға тартылды. Бұл сыйлық балалардың дамуы мен демалысына пайдалы болмақ.

Мұндай кездесулер жүректерге жылу сыйлап, әлеуметтік байланыстарды нығайта түседі және балаларға олар жалғыз емес екенін, әрдайым қолдауға, қамқорлық пен мейірім көрсетуге дайын жанашыр жандар бар екенін еске салады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.