Достық үйінде Жамбыл облыстық «Корё» корейлер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Korean Fair 2025» атты кәріс тауарлары, тағамдары және қолданбалы өнер жәрмеңкесі өтті.
Концерт, көрме және ұлттық ойындарды қамтыған шараның ресми ашылуында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова және Жамбыл облыстық «Корё» корейлер қауымдастығының төрағасы Лаврентий Кан құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңызына тоқталды.
Концерттік бағдарлама аясында «Ариран» өнер мектебі жанындағы «Самульнори» ансамблі, «Лотос» би ансамблі, «Sunrise» және «NMove» топтары, сондай-ақ жеке орындаушы Эльвина Ким өнер көрсетті.
Ұлттық нақышқа толы аспаптық, хореографиялық және вокалдық қойылымдар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Шара барысында қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылып, онда «Кәріс жастар қанаты» мүшелерінің шығармашылық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.
Жәрмеңкеде корейлердің тағамдары, қолөнер мен аксессуарлары сатылымға шығарылды. Өнімдер өзіне тән ерекшеліктерімен келушілердің қызығушылығын арттырды.