“Қоғамдық келісім” КММ Панфилов аудандық филиалында аудандық Ақсақалдар кеңесі және Аналар кеңесінің қорытынды отырысы өтті. Отырыста 2025 жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жан-жақты талқыланды. Округтік Аналар кеңестерімен бірлесе жүргізілген жұмыстарға ерекше тоқталды, деп хабарлайды 01info.kz.
Жыл бойы қоғамдық келісімді нығайту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жастар тәрбиесі, этносаралық татулық пен бірлікті нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.
Кеңес мүшелері қоғамдық тұрақтылықты сақтау, медиация және этномедиация, түсіндіру және алдын алу шараларына белсенді қатысты.
Қорытынды барысында 2026 жылға арналған жоспарлар айқындалып, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің өзара ынтымақтастығын нығайту бойынша ұсыныстар айтылды.
Отырыс аясында қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысқан аудандық Аналар кеңесінің мүшелері және ауылдық округтік Аналар кеңестерінің төрағалары арнайы марапаттарға ие болды.