01info.kz- ақпараттық портал

Ақмолада «Тәуелсіз Қазақстан: Бірлік. Бейбітшілік. Жасампаздық» атты дөңгелек үстел өтті

Фото: ҚХА баспасөз қызметі
0 29

Достық үйінде Тәуелсіздік күніне орай өткен іс-шараның басты мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолын саралау, қоғамдық келісім мен этносаралық бірліктің маңызын айқындау, бейбітшілік пен жасампаздық құндылықтарын насихаттау болды, деп хабарлайды 01info.kz.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қ.Шақшақовтың модераторлығымен өткен іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғылыми орта өкілдері, ардагерлер, депутаттар, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, т.ғ.к., профессор А.Сейтқасымов еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихи даму кезеңдерін жан-жақты баяндады.

Облыстық мәслихаттың «Бірлік» депутаттық тобының мүшесі А.Аяпбергенова қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы мемлекеттік саясаттың рөліне ерекше назар аударды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.