01info.kz- ақпараттық портал

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдардағы қозғалысқа шектеулер енгізілді

фото: Ашық дереккөз
0 27

«ҚазАвтоЖол»  ұлттық компаниясы өкілдері 11 облыста күн райының бұзылуына орай тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жеткізді, деп хабарлайды 01info.kz.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі жолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:

Ақтөбе облысы

  • Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бақылау-өткізу пункті) автожолы, 104-181-шақырым (Қандыағаш қаласы – Шұбарқұдық кенті);
  • РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолы, 776-965-шақырым («ЭКОойл» ЖҚС – Қарабұтақ кенті);
  • Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы автожолы, 181-254-шақырым (Шұбарқұдық – Қарауылкелді).

Атырау облысы

  • Ақтөбе – Атырау – Астрахань автожолы, 254-337-шақырым (Қарауылкелді – Атырау облысының шекарасы);
  • Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы автожолы, 337-517-шақырым (Доссор кенті – Сағыз ауылы).

Барлық көлік түрі үшін жабық жолдар

Атырау облысы

  • Атырау – Орал автожолы, 14-189-шақырым (Алмалы ауылы – Индер ауданы).
  • Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолы, 3-210-шақырым (Доссор кенті – Маңғыстау облысының шекарасы).

Маңғыстау облысы

  • осы автожолдың 210-332-шақырымы (Атырау облысының шекарасы – Бейнеу ауылы).

Алматы облысы

  • Астана – Қарағанды – Алматы автожолы, 2214-2295-шақырым (Жамбыл облысының шекарасы – Қаншеңгел ауылы).

Жамбыл облысы

  • Астана – Қарағанды – Алматы автожолы, 2005-2152-шақырым (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы, Қарағанды бағытына);
  • осы жолдың 2214-2252-шақырымы (Бурылбайтал ауылы – Алматы облысының шекарасы).

Абай облысы

  • Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы автожолы, 1013-1062-шақырым (Абай облысының шекарасы – Рубеж бекеті);
  • ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы автожолы, 756-910-шақырым (Семей – Қалбатау).

Батыс Қазақстан облысы

  • Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы автожолы, 0-158-шақырым;
  • Өнеге – Бисен – Сайқын автожолы, 1-103-шақырым;
  • Орал – Тасқала – РФ шекарасы автожолы, 4-104-шақырым;
  • Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы автожолы, 189-375-шақырым (Чапаево – Атырау облысының шекарасы).

Қызылорда облысы

  • РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолы, 1240-1806-шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы – Қызылорда қаласы).

Ақтөбе облысы

  • осы автожолдың 1153-1240-шақырымы (Ырғыз кенті – Қызылорда облысының шекарасы);
  • Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолы, 526-610-шақырым;
  • Ақтөбе – Атырау – Астрахань автожолы, 254-337-шақырым.

Қарағанды облысы

  • Астана – Қарағанды – Алматы автожолы, 248-359-шақырым (Атамекен ауылы – Ақсу-Аюлы кенті).

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.