01info.kz- ақпараттық портал

«Алматы Аренада» күрес чемпионаты аяқталды: Ұлттық Құрама резерві күшейді

фото: Алматы қ. әкімдігі сайты
0 16

«Алматы Арена» спорт кешенінде ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды 01info.kz  Алматы қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 1000-ға жуық үздік балуан қатысып, жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін оң бағасын алды. Бір кілем үстінде ұлттық құраманың танымал көшбасшылары мен өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік алған жас спортшылар кездесті.

Турнирдің басты нәтижесі – бірқатар болашағы зор жас балуандар ұлттық құрама сапына кіру мүмкіндігіне ие болып, қазақстандық күрестің кадрлық резервін нығайтты.

Алматыдағы чемпионат отандық балуандардың жоғары деңгейін тағы да дәлелдеп, ұлттық құраманың болашақ көшбасшыларын анықтайтын маңызды алаңға айналды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.