01info.kz- ақпараттық портал

«Жеңіл табыс» үшін банк деректерін берген елорда тұрғындарына қылмыстық іс қозғалды

Фото: Ашық дереккөз
0 16

Елордада полиция қызметкерлері жеңіл табысқа қызығып, өздерінің банк есепшоттарын алаяқтық мақсатта пайдалануға беру фактісін анықтап, оған қатысты тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды 01info.kz.

Оқиғаның мән-жайына сәйкес, қала тұрғыны интернеттегі «онлайн-табыс» туралы жарнаманы көріп, белгіленген сыйақы үшін өзінің банк деректерін бөгде адамдарға пайдалануға рұқсат еткен. Кейін бұл азамат дәл осындай «табыстың» жолын өз танысына ұсынып, ол да жаңа есепшот ашып, деректерін белгісіз тұлғаларға берген. Нәтижесінде, берілген есепшоттар алаяқтар тарапынан заңсыз қаржылық операциялар жасау үшін қолданылған.

Тергеу барысында полиция күмәнді есепшоттардың бірін анықтап, оның көмегімен қылмыстық схеманың өзге қатысушыларына шығуға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жалғасуда.

Полицияның ресми ескертуі: Құқық қорғау органдары азаматтарды «жеңіл табыс» туралы күмәнді жарнамаларға сенбеуге шақырады. Полиция банк деректерін, жеке есепшоттарды немесе төлем карталарын бөгде адамдарға беру — заңбұзушылық қана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет екенін ескертеді. Интернет кеңістігінде барынша сақ болып, өз деректеріңізді қорғау аса маңызды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.