Мойынты–Шығанақ теміржол учаскесіндегі Шешенқара–Қаражанғыл аралығында ірі теміржол апаты орын алды, деп хабарлайды 01info.kz «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жоспарлы жұмыстарды атқарып жатқан жол жөндеу бригадасының жұмысшыларын байқаған жүк пойызының машинисі шұғыл тежеуді іске қосқанымен, апатты болдырмау мүмкін болмады. Салдарынан төрт жұмысшы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
«ҚТЖ» басқарма төрағасының тапсырмасымен оқиғаның нақты себептерін анықтау мақсатында ұлттық компанияның бас инженері басқаратын арнайы комиссия құрылып, олар тергеу жұмыстарын бастап кетті.
«Қазақстан темір жолы» қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына қайғырып көңіл айтады.