01info.kz- ақпараттық портал

Қайғылы оқиға: Ақмола облысында қызмет бабында полиция инспекторы қаза тапты

Ашық дереккөз
0 24

Ақмола облысы полиция департаменті қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан патрульдік полиция инспекторының өліміне қатысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды 01info.kz.

Қайғылы оқиға 7 желтоқсанда Астана-Ерейментау-Шідерті тасжолында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрған полиция инспекторын қағып кеткен. Полицей жүргізушілерге жылдамдықты асырмауды ескерту жұмыстарын жүргізіп тұрған.

Полиция департаменті бұл жағдай бойынша жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.