2025 жылғы 11 қазанда Астана қаласындағы «ÓzgeEpic» креатив хабында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Туыскандар» жобасы аясында «Қарақалпақ мәдениеті мен өнері» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – елдегі этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау арқылы рухани байланысты нығайту және этномәдени әртүрлілікті дәріптеу. Іс-шараға этномәдени бірлестік өкілдері, ҚХА құрылымдары, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері, студенттер мен оқушылар қатысты.
Ресми бөлімде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Руфина Усанова және «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігінің төрайымы Тазабике Салиева сөз сөйледі.
Кештің мәдени бағдарламасында «Жайхун» ансамблі қарақалпақ халқының ұлттық биін орындап, Райхан Давлетмуратова «Алыстағы туысқанларым» әнін шырқаса, Илхам Аимбетов Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін виолончельде орындады.
Сонымен қатар, ҚХА 30 жылдығына арналған «Ассамблея – татулық пен бірліктің тірегі» атты кітап көрмесі және алаша тоқу бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара алғыс айту және еркін пікір алмасу форматында қорытындыланып, қатысушыларға ерекше жылы әсер қалдырды.