Ал шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда, орташа атаулы жалақы 434 982 теңге болды.
Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда ең жоғарғы жалақы өсімі ақпарат және байланыс (32,8%), ауыл шаруашылығы (22,7%) және жылжымайтын мүлікпен операциялар (20,3%) салаларында байқалды. Ал білім беру (5%) және денсаулық сақтау (7,6%) салаларында өсім айтарлықтай төмен.
Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы өсімі Алматы мен Шымкент қалаларында (13,6%), Қарағанды (13,2%), Солтүстік Қазақстан (12,9%) және Ақтөбе облыстарында (12,6%) тіркелді.