Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан Мажарстан және Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады, деп хабарлайды 01info.kz
Ақорда мәліметінше, Будапештте мемлекеттік сапармен жүрген Мемлекет басшысы Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен бірге Puskas Arena Park стадионына барды. Онда УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы кездесуді көрді.