01info.kz- ақпараттық портал

Мемлекет басшысы ресми сапармен Сербияға барды

Келіссөздер қорытындысы бойынша, екіжақты келісімдерге қол қойылады

0 107

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Сербия президенті Александр Вучич Белград әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды 01info.kz

Қазақстан президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекет басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, екіжақты келісімдерге қол қойылады. Сонымен қатар Сербияның премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.