01info.kz- ақпараттық портал

«Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен Астанада өткен акцияда 15 литрден астам қан тапсырылды

0 1 259

2026 жылғы 7 сәуірде Астана қаласындағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы аясында қан тапсыру шарасы өтті. Акцияға шамамен 40 адам — «Қоғамдық келісім» РММ, Республикалық аналар кеңесі, «Ассамблея жастары» РҚБ және этномәдени бірлестіктер, соның ішінде «Қазақстандық немістердің «Возрождение» бірлестігі» қоғамдық қоры мен «Тәжік этномәдени республикалық орталығы» РҚБ өкілдері қатысты.

Аталған акция Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінде өзара қолдау, мейірімділік пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарының нақты жүзеге асып жатқанын көрсетті. Қатысушылар 15 литрден астам қан тапсырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетті.

Мұндай бастамалар тек қайырымды істердің көрінісі ғана емес, адамдарды қоғамдық игілік жолында біріктірудің тиімді жолы болып табылады.

Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары үшін бұл — құрмет, сенім және өзара көмек мәдениетін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.