01info.kz- ақпараттық портал

АНА МӘДЕНИЕТІ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ

0 537

Түркістан қ. №32 ЖББМ ғимаратында облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ана мәдениеті – ұлттың рухани байлығы» атты тәрбие сағаты  өтті.

Шараның басты мақсаты – қоғамдағы ананың рөлін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиеге баулу және ұлттық мәдениетті насихаттау.

Жиынды мектеп директоры Айгүл Бабашева ашып, облыстық ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов сөз сөйледі. Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова «Ана мәдениеті» тақырыбында оқушылармен интерактивті сұхбат жүргізіп, мәнді ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара оқушылардың қатысуымен әсерлі шығармашылық бөлімге ұласты: ана туралы әндер шырқалып, жүрекжарды өлеңдер оқылды, би және сахналық көріністер қойылып, хоры орындалды.

Қонақтар мен оқушылар арасында ашық сұхбат ұйымдастырылып, ана тәрбиесінің қоғамдағы орны, жастар тәрбиесі және отбасы құндылықтары кеңінен сөз болды. Іс-шара соңында оқушылар «Анаға тілек» айтып, өз ойларын білдірді.

Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға ықпал ететіндігі сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.