01info.kz- ақпараттық портал

«ЕЛТАНУ»: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУҒА БАСТАЙТЫН ЖОБА

0 605

Ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру – бүгінгі мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «Елтану» ағартушылық жобасы.

Аталған жоба аясында арнайы құрылған ақпараттық-түсіндіру тобы бүгін Талас ауданына қарасты Қаратау қаласы, Қасқабұлақ және Ақкөл елді мекендерінде болып, жергілікті тұрғындар мен жастармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Жамбыл облысы әкімдігінің АҚДБ басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев «Елтану» жобасының стратегиялық маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде этносаралық қатынастар мәдениетін нығайту, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сенімді сақтау – ел дамуының басты кепілі екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын халыққа кеңінен түсіндіру – уақыт талабы екенін жеткізді.

Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева жоба шеңберінде жүзеге асырылып жатқан бағыттарды жан-жақты тарқатты. Атап айтқанда, «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Салауатты сана» бастамаларының мазмұны мен мәніне тоқталып, олардың қоғамдық сананы жаңғыртудағы, азаматтық жауапкершілікті арттырудағы және ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.