01info.kz- ақпараттық портал

ҚОСТАНАЙЛЫҚ «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

0 355

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өткен сенбілікке облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, өңір тұрғындарына үлгі көрсетті.

Игі іске Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және «Ассамблея жастары» өкілдері белсене атсалысып, облыс тұрғындарымен бірге «Триатлон» саябағы мен Тобыл өзенінің жағалауын тазалады.

“Тазалық – әрқайсымыздан басталады. Бірлікпен жасалған әр іс – үлкен нәтижеге жеткізеді. Болашақ үшін таза орта қалыптастыру – біздің ортақ міндетіміз!”, — дейді “Ассамблея жастарының” өкілдері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.