01info.kz- ақпараттық портал

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ КОЛЛЕДЖ БІЛІМГЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

0 545

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Аналар кеңесінің өкілдері студенттермен кездесіп, тәрбие, рухани құндылықтар және қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті. 

Кездесуге ҚХА аймақтық аналар кеңесі төрайымының орынбасары, дүнген РЭМБ Аналар кеңесі төрайымы Сара Даузова және Жамбыл облыстық «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығы» ҚБ Аналар кеңесінің төрайымы Пайза Куненова арнайы қатысып, студент жастарға бағыт-бағдар берді.

Іс-шара барысында «Салауатты сана» және «Барыңды бағала» жобалары аясында кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жастарды саналы өмір салтын ұстануға, өз денсаулығына қазірден бастап жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ қоғамдық мүлікке ұқыпты қарап, қоршаған ортаны қорғауға, қестерлеуге шақырды.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, отбасы тәрбиесінің маңызы ерекше атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.