Аталмыш акция аясында белсенділер қарттар үйінің аумағын абаттандырды.
Іс-шараға «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының және Студенттік Ассамблеяның өкілдері қатысты.
Жастар аумақты тазалап, айналаны ретке келтіріп, аға буынға қамқорлық танытты.
Мұндай бастамалар еріктілік қызметтің дамуына, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, сондай-ақ жастардың жауапкершілік пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.