01info.kz- ақпараттық портал

БҚО АНАЛАР КЕҢЕСІ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ БАС ҚОСТЫ

0 5

БҚО Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы шеңберінде «Балаларды тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың рөлі» атты кездесу өтті.

Кездесу облыстық Аналар кеңесінің төрайымы, п.ғ.д., профессор, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Ел Анасы»құрметті атағының иегері Ш.Х.Құрманалинаның төрағалығымен өткізілді.

«Балаларды тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың рөлі» тақырыбы бойынша Ш.Х.Құрманалинаның баяндамасы тыңдалды. «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының 4 бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы:

І бағыт — «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы» бойынша Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Ж.С.Ихсанова;

ІІ бағыт — «Бақытты ана – бақытты отбасы» бойынша Аналар кеңесінің мүшесі Т.О. Жүніс;

ІІІ бағыт — «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы» бойынша Аналар кеңесінің мүшесі А.Ж.Қайырлиева;

ІV бағыт — «Жақсылыққа жетелейтін жандар» туралы Аналар кеңесінің мүшесі Т.Н.Сейтакова сөз сөйледі.

Күн тәртібіне сәйкес, «Салауатты сана» жобасы аясында «Тұрмыстық зорлық –зомбылықтың алдын-алудағы мектеп және ата-аналардың ролі» тақырыбында Орал қалалық №12 ЖООБМ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Н.Насипова, «Қоғамның бес кеселімен жүйелі күрес жүргізу, алдын-алу, болдырмау жолдарын салу» туралы Орал қалалық №1 ЖООБМ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.М.Мирзабаева, «Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алудағы тәрбие жұмысының тиімді модельдері» тақырыбында Орал политехникалық колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі директорының орынбасары Р.Қ.Кизагалиев баяндама жасады.

Шара барысында барлық тыңдалған мәліметтер талқыға салынып, қатысушылар өз пікірін білдірді. Шараға жалпы мектеп директорларымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар, жастар, БҚО ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері, жалпы 70-ке жуық адам қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.