01info.kz- ақпараттық портал

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0 288

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ пен Жас ғалымдар клубының «Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары және оның негізгі тетіктері» тақырыбында II тоқсандық бірлескен отырысы өтті.

Жиынға университет профессоры, облыстық ҒСТ жетекшісі Сейдулла Садықов, «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар саласы бойынша бөлім басшысы Хамит Исақов, сондай-ақ Ғылыми-сарапшылық топ пен Жас ғалымдар клубының мүшелері қатысты.

Отырыс барысында С.Садықов атқарылған жұмыстарға шолу жасап, алдағы кезеңнің негізгі бағыттарын айқындады. Ол Ұлттық құрылтайда белгіленген басымдықтарға тоқталып, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы ғылымның рөлі мен жастар белсенділігінің маңызын атап өтті. Х.Исақов этносаралық келісімді нығайту және ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік жобаларды іске асыруда жүйелі жұмыстар қажет екенін жеткізді. Жас ғалымдар кеңесінің жетекшісі С.Шылмамбетов ғылым мен жастар ынтымақтастығы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға нақты үлес қосатынын айтты.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар ҒСТ қызметін күшейту, жас ғалымдардың әлеуетін тиімді пайдалану және сараптамалық жұмысты жүйелі түрде жалғастыру бағытында ортақ келісімге келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.