01info.kz- ақпараттық портал

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛ ЕГІЛДІ

0 322

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы кең көлемде ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жалпыхалықтық бастама аясында өңір тұрғындары қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендерді көркейту ісіне белсенді атсалысты.

Қызылорда қаласындағы жаңадан бой көтерген Президент саябағында өткен негізгі шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер, экобелсенділер, жастар ұйымдары мен студенттер қатысты.

Акция аясында облыс бойынша 25 мыңнан астам адам жұмылдырылып, 12 мыңнан астам тал көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, 325,7 гектар аумақ тазартылып, 320 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Іс-шараларға 250-ден астам арнайы техника тартылды.

Айрықша атап өтерлігі, экологиялық акцияға Қызылорда облысындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары, сондай-ақ облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері белсене қатысты. Олар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде тұрғындарға қолайлы әрі таза өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы кешенді жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.